Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

23.09.2020 19:37

Тек еліміздің батысында ғана құрғақ және жылы ауа райы сақталады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 23-25 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аптаның ортасынан бастап Қазақстанның солтүстігі мен шығысына атлантикалық циклон әсер етуін жалғастырады. 

Соның әсерінен жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Өңірде күзгі салқын ауа райы сақталады. 

Аптаның соңына қарай ел аумағының басым бөлігінде ауа райы Батыс антициклонының ықпалында болады. 

Салдарынан жауын-шашын біртіндеп басылады. Елдің оңтүстік-шығысында кей жерлерде үсік жүреді. 

Тек еліміздің батысында ғана құрғақ және жылы ауа райы сақталады.