Алматы маңында қар көшкіні болады

11.11.2019 19:51

Синоптиктер бүгін және ертең Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін деп болжап отыр

Sputnik

Алматы маңында қар көшкіні қаупі бар, деп хабарлайды Қазгидромет мамандары.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 11-12 қарашада жауын-шашынның көп жаууы мен тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бұл күндері Алматыда ауа райы алабұлтты. Ауа температурасы 1-5 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына алты метрге дейін жетеді, жаңбыр жауады.



Sputnik.