Ақпан айының соңында күн күрт жылынып, қар ериді. Метеостансаларда көп жыл бойы жүргізілген бақылау мәліметтері бойынша, ақпан, наурыз және сәуірде бір тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түсуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгиромет».
«Ақпан айында жазықтықтағы өзендерде тасқын болу қаупі 1 пайызды құрап отыр. Айлық синоптикалық болжам бойынша (дұрыстығы - 20-80 пайыз), ақпанның үшінші онкүндігінде күндіз және түнде ауа температурасы көтеріліп, өз кезегінде қардың еруіне, ағынның қалыптасуына және су деңгейінің көтерілуіне әкеліп соқтырады», - делінген хабарламада.