Қазгидромет алдағы күндері қатты аяздарға байланысты бірқатар өңірлерге қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
5-6 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші секундына 15-20 метр, 5 ақпан күндіз, 6 ақпан түнде екпіні секундына 23-28 метр жетеді.
6 ақпанда түнде кей жерлерге қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
06-07 ақпан аралығында ауа температурасының облыстың солтүстік-шығысында түнде 20-25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
5 ақпанда күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады. 5-6 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, тау асуларында секундына 23-28 метрге жетеді деп күтіледі.
6 ақпанда түнде ауа температурасының 12-17, кей жерлерде 22-27 градус аязға дейін төмендейді.
6 ақпанда Алматы облысының кей жерлерінде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей жерлерде секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі.
6-7 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 20-25 градус аяздан 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
6 ақпанда түнде Қостанай облысында ауа температурасының 33-38 градус аяз, кей жерлерде 43 градус аяз болуы мүмкін.
6 ақпанда түнде Қызылорда облысында ауа температурасының 18-23, кей жерлерде 28-33 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
6-7 ақпан аралығында түнде Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты аяз 37-42 градус, кей жерлерде 45 градус аяз болады деп күтілуде.
6 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 30 метрге және одан аса күтіледі.
6-7 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 23-28, кей жерлерде 33-38 градус аяздан 37-42, кей жерлерде 45 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
5 ақпанда Ақмола облысында қар, кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, түнде және таңертең екпіні секундына 23-28 метр жетеді.
Астана қаласында 5 ақпанда қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секуныдан 15-20 метр күтіледі.
6-7 ақпан аралығында түнде қатты аяз 37-39 градус күтіледі.