Маңғыстау облысында жер сілкінісі болды

25.04.2023 20:01

Жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

kaz.tengrinews.kz

Маңғыстау облысында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жер сілкіністері Астана уақытымен сағат 13:25-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым, Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте.

Жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.