Ауа райына байланысты 4 облыста жол учаскесі жабылды

 elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы QazAvtoJol республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

5 ақпанда сағат 12.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы QazAvtoJol республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.

Ақтөбе облысында – 3 учаске:

1. «Самара – Шымкент» тасжолы, 776-965 км, ЭКО Ойл ЖҚС – Қарабұтақ к. – 189 км;

2. «Самара – Шымкент» - 965-1153 км, Қарабұтақ к. – Ырғыз к. – 188 км;

3.«Самара-Шымкент» - 1153-1240 км, Ырғыз к. – Қызылорда облысының шекарасы  87 км.

Қостанай облысында – 1 учаске:

1. «Жезқазған – Петропавл» - 252-335 км, Ұлытау облысының шекарасы – Арқалық қаласы – 83 км.

Қызылорда облысында – 1 учаске:

1. «Самара-Шымкент» - 1240-1360 км, Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы 120 км.

Ұлытау облысында – 1 учаске:

1. «Жезқазған – Петропавл» - 137-252 км, Ұлытау к. – Қостанай облысының шекарасы – 115 км.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар енді құжатты автоХҚО-ға бармай-ақ ала алады

Новости партнеров