Елімізде Каспий құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау тағы тоқтады

Иллюстративное фото
Almaty.tv
Иллюстративное фото Almaty.tv
Болат Ақшолақовтың айтуынша, мәселе қара теңіздегі дауылға байланысты туындаған.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде Каспий құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау тағы тоқтады. Энергетика министрі мұны ауа райының қолайсыздығынан деп түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Болат Ақшолақовтың айтуынша, мәселе қара теңіздегі дауылға байланысты туындаған.

Сондай-ақ ол қазіргі күні мұнай тасымалы тоқтағанымен, оны өндіру жұмысы жалғасып жатқанын еске салды. Жағдайды қалпына келтіру үшін күн райының тұрақталғанын күту керек дегенді алға тартты. Айта кетсек, Қазақстан мұнайының басым бөлігін Ресей аумағы арқылы Еуропаға экспорттайтын Каспий құбыр желісі консорциумының жұмысы өткен жылы да бірнеше рет тоқтаған болатын.

«Кешеден бері ауа райы өзгерді. Апатты жағдайдың алдын алу үшін мұнай тасымалдау тоқтатылды. Кемелер кемежайға кіре алмайды. Бұл өте қауіпті», – деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Новости партнеров