Болгарияның Царево қаласында төтенше жағдай енгізілді,
Нөсер жаңбыр мен су тасқынынан Еуропаның бірнеше елі зардап шегіп отыр. Болгарияның Царево қаласында төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қолайсыз күн райы кесірінен мұнда тұрғын үйлер мен көліктер бүлінген. Су тасқыны салдарынан биік ғимараттың қабырғасы құлап, астында қалған екі адам көз жұмды. Метеоролог мамандар мұндай ауқымды шығын келтірген табиғи апаттың соңғы 10 жылда болмағанын айтады.
– Нөсер жауынға дауыл қосылып, жағдай қиындап тұр. Қатты желдің кесірінен туристік мекендерге зиян келіп жатыр. Себебі жағажайда су 2 метрге дейін көтерілген. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен - Оңтүстік курорттық аймақ. Қазір мұнда төтенше жағдай режимі енгізілді. Жолдар мен көпірлер қирап жатыр. Аймақта жарық өшіп, электр қуатынан ажырап қалды. Жағдай күрделі, – деді метеоролог Джим Дэйл.
Оқи отырыңыз: Түркияда жаңбырдан су тасқыны болды