Астрономдар сағатына 100 метеорды көруге болатынын болжауда
12 тамыздан 13 тамызға қараған түні жылдың басты «жұлдызды жауыны» – Персеидтерді тамашалауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.
13 тамызға қараған түні биыл болатын негізгі «жұлдызды жауын» – Персеид метеор ағынын тамашалауға болады. Астрономдар сағатына 100 метеорды көруге болатынын болжауда.
Персеид метеорлық жауын әдетте 17 шілдеде басталып, 24 тамызда аяқталады. «Аққан жұлдыздарды» байқау үшін астрономиялық аспаптар да, арнайы білім де қажет емес. Кез-келген адам тамыз айының жылы түнінде ғажайып көріністі тамашалай алады.
Ең бастысы – ауа райына қарау қажет және метеорды метеоритпен немесе астероидпен шатастырмау керек.