Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола және Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
13 ақпан күні сағат 12:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, жел, боран, жолдың көрінбеуі) Ақмола және Қарағанды облыстарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Атап айтқанда Ақмола облысы бойынша:
1. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1425 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Теміртауға дейінгі учаске,
2. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі учаске.
Қарағанды облысы бойынша:
1. «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 937-1135 шақырымы, Қарағанды қаласынан Павлодар облысына дейінгі учаске.
2. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 0-16 шақырымы, Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолындағы учаскедегі жолдар жабылды.