|
22.10.2021 | 15:11
3362

Алматыда көшені қардан тазартуға 1073 жұмысшы шықты

Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

Алматыда көшені қардан тазартуға 1073 жұмысшы шықты

Бүгін Аламтыда қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

Кеше түнгі 22.00-де басталған жауын-шашынның арты қарға ұласты. Таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 16 см, ал қалаға 10 см қар түсті.

Жол тазартуға 537 техника бірлігі, оның ішінде 117 құм шашқыш және 1073 жол жұмысшысы шықты.

Қалада қардан құлаған бұтақтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жолдар мен тротуарларға құлаған талдарды кесу жұмыстары да жүргізілуде.

Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 23 қазанға қараған түннің бірінші жартысына дейін жауын-шашын сақталады. Бүгін күндіз ауа температурасы + 2,+4 , түнде -1, -3 градусты көрсетеді. 

24 қазанда күндіз +8,+10 градус жылы болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир