Ал батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын жауып, жел соғады
"Қазгидромет" өкілдері 18-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын жауып, жел соғады.
"Қазақстанның қалған өңірлерінде жауын-шашын болмайды, ауа температурасы 20-28 градус жылы болса, оңтүстікте 25-33 градус ыстық болады. Кейбір аумақтарда тұман түсуі мүмкін", - делінген хабарламада.