Еліміздің төрт аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

29.12.2019 20:15

Синоптиктердің айтуынша, тұман түсіп, көктайғақ болады

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап. 

«29 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95%. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран болып, тұман түседі. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрса, ал күндіз Жарма ауданында желдің ұйытқуы 25 м/с болады», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Түркістан мен Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.