Шымбұлақ пен Үлкен Алматы көліне баратын жол жабылды

26.02.2023 20:16

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды

Shymbulak.com

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қар көшкіні қаупіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта Үлкен Алматы және Кіші Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын жолдар жабылып, бекеттер қойылды.

«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алқабында айтарлықтай жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне байланысты 2 экипаж полиция департаментінің күштерімен халық пен автокөліктің қозғалысын шектеу үшін (Аюсай шатқалынан жоғары және Шымбұлақ-Эдельвейс автожолында) (жолдар жабық) бекеттер қойылды»,  деп хабарлады департаменттен.

Құтқарушылар тұрғындарды қар көшкінін тудырмау үшін тау беткейлеріне шықпауға, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауда жаяу серуендеуден бас тартуға шақырады.

Бұған дейін синоптиктер, 25-27 ақпан аралығында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, қалың тұман түсіп, қөктайғақ болатынын ескерткен еді.