СҚО-ның бірнеше ауданында боранға байланысты жолдар жабылды

03.03.2021 20:19

Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетпек

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында боранға байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 11:00-ден бастап Айыртау, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Тимирязев және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда облыстық маңызы бар жолдар жабылды. 

Өңірде ауа райы бұзылып, боран басталды. 112 қызметі ертең 4 наурызға боранға байланысты ескерту жариялап, хабарлама жіберді. Мамандардың айтуынша, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетпек. 

Сондай-ақ қалың тұман түсіп, көктайғақ болмақ.