Еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауады: 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

ecogosfond.kz
ecogosfond.kz
Еліміздің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық әлі біразға дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.  

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман түсіп, бұршақ жауады.

Маңғыстау, Алматы, Қостанай облыстарының бірқатар аудандарында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз аптап ыстық болады. 

Сондай-ақ аптап ыстыққа байланысты Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Новости партнеров