Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

06.01.2023 20:24

Кейбір таулы аудандарда баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі

ашық дереккөзден

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы

07 қаңтарда түнде солтүстікте, орталықта, таулы аудандарында, күндіз орталықта, оңтүстікте Жетісу облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

07 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 07 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

07 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, облыстың солтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ: 07 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

07 қаңтарда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

07 қаңтарда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Семей қ.: 07 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

07 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 07 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

07 қантарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 07 қантарда жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.

Маңғыстау облысы

07 қаңтарда Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың солтүстік-батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 07 қаңтарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

07 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.  Шымкент қ.: 07 қаңтарда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 07 қаңтарда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

07 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 07 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысы

07 қаңтарда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы, Түркістан облысы

2023 жылдың 06-08 каңтар аралығында аралас жауын-шашынның болжануына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы

07 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы 1 градус аяз-4 градус жылыдан 15-20, облыстың оңтүстігінде 10 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

08 қаңтарда Атырау облысында ауа температурасы 3 градус аяз-2 градус жылыдан 18-23, облыстың оңтүстігінде -15 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

08 қаңтарда Маңғыстау облысында ауа температурасы 0-5, облыстың шығысында 8 градус жылыдан 8-13, облыстың оңтүстігінде 5 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

08 қаңтарда Ақтобе облысында ауа температурасы 2 градус аяз-3 градус жылыдан 20-25, облыстың солтүстігінде 28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

08 қаңтарда Қостанай облысында ауа температурасы 0-5, облыстың шығысында 8 градус аяздан 20-25, облыстың оңтүстігінде 10-15 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.