Шығыс Қазақстанның таулы жерлерінде 30 желтоқсанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар

27.12.2022 22:03

Құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді

www.inform.kz

Шығыс Қазақстан облысында 30 желтоқсанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27-30 желтоқсан аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болу, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыз, бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.