Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

news-r.ru
news-r.ru
Әл-Фараби даңғылының жоғары бөлігіндегі жолдарда мұз қатып, көктайғақ болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауа райы болжамына сәйкес, 4 қараша түнінен 5 қарашада қар аралас жауын-шашын күтілуде, ол арасындағы үзіліспен 6 қарашаның алғашқы жартысына дейін созылады. 4-нен 5 қарашаға қараған түні ауа температурасы 0 градус шамасында, күндіз 5-7 градусқа дейін жылы болады. 5-нен 6 қараша түні 1- градус аяз, күндіз 2-4 градус жылылық күтілуде, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Тротуарларда, әсіресе әл-Фараби даңғылының жоғары бөлігінде жолдарда мұз қатып, көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтауды сұраймыз.

Жүргізушілерден көліктерінің дөңгелектерін қысқыға ауыстыруды өтініп сұраймыз. Көлік жүргізуде тәжірибелері аз автоәуесқойлардың мұндай күндері автомобильден бас тартқандары жөн.


Новости партнеров