Еліміздің қай аймағында дауылды ескетру жарияланды

07.07.2023 20:29

Еліміздің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады

искрагазета.рф

Синоптиктер 8 шілдеде еліміздің көптеген аймағында қолайсыз ауа-райы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақтөбе облысы

08 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 08 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

08 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 08-09 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: күндіз 08 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. 08-09 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

08 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. 08 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

08 шілдеде Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

08 шілдеде Абай облысының түнде батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Семей қ: 08 шілдеде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

08 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ: 08 шілдеде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

08 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 08 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 08 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан облысы

08 шілдеде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 08 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 08 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

08 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 08 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысы

08 шілдеде күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 08 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

08 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. 08 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 08 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

08 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39-42 градус қатты ыстық күтіледі. 08 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 08 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Алматы облысы

08 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі, күндіз таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, таулы аудандарда кей уақытта 25 м/с. 08 шілдеде облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ: 08 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ: 08 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Оқи отырыңыз: Алдағы күндерге арналған ауа-райы болжамы