Алдағы күндері белсенді атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі kazhydromet.kz-ке сілтеме жасап.
6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады, 7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болады деп күтілуде. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі күтілуде.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыс антициклон жотасының суық ауа массалары енуіне байланысты температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Сонымен, батыста және солтүстік-батыста түнгі сағаттарда 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 граудс аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 граудс аязға дейін төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде түнгі температураның негізгі фоны 5 градус аяз -7 граудс жылы шегінде күтіледі.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 8-14 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы