Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С-қа дейін көтеріледі
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 27-29 сәуір аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Айдың соңында ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер күн күрт жылынатынын айтты.
«Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі. Ай соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С-қа дейін, күндіз 8-15 °С жылиды. Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С-қа дейін көтеріледі. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін», – дейді синоптиктер.