Авариялық-құтқару жұмыстарына 52 құтқарушы мен 14 бірлік техника жұмылдырылды
Өткен тәулікте жүк және жолаушылар көлігі үшін жол қозғалысының шектелуіне байланысты Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары 93 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
24 ақпанда сағат 22.50-де Әйтеке би ауданының Самара-Шымкент автожолының 964 км-де ТЖД күштері Yutong маркалы жолаушылар автобусына (Бішкек-Мәскеу) жол көрсетіп Қарабұтақ кентіне бірге барды. Жылыту пунктіне (орталық мешіт) Өзбекстан мен Тәжікстан Республикасының 41 азаматы эвакуацияланды.
25 ақпанда сағат 04:05-те Ақтөбе қаласының Едіге батыр даңғылында ТЖД күштері техникалық ақауы бар Setra (Шымкент-Мәскеу) маркалы жолаушылар автобусынан Жаңақоныс кентінің жылыту пунктіне (мешіт) 54 адамды эвакуациялады. Оның 52-сі Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 52 құтқарушы мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.