Қазақстанға 38 градустық аяз келеді

15.02.2024 13:30

Еліміздің көп бөлігінде күн күрт суытады

Сгенерировано ИИ

Арктикалық антициклон Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жылжиды және республиканың көп бөлігін қамтиды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі kazhydromet.kz. 

5 ақпанда шығыста, 16 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттың өтуімен жауын-шашын, кей жерлерде жаңбырлы қар жауып,  көктайғақ пен бұрқасын болады.

Батыста ауа температурасы түнде 12-30 градус аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аяз, 16 ақпанда шығыста 18-35 аязға дейін, оңтүстікте 10-30 градус аязға дейін, ал 17 ақпанда оңтүстік-шығыста ауа температурасы 15-28 градусқа дейін төмендейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 12-18 ақпан аралығында ауа райы қандай болады