Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық оператор қазақстандықтарды ауа райының өзгеруіне ерекше назар аударуға және алыс қашықтыққа шықпауға шақырды.
"Еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлері бойынша қозғалыс шектелді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласуды ұсынамыз", - делінген хабарламада.
Ақмола облысында жол жабылды:
Жезқазған - Петропавл учаскесі: Қостанай облысының шекарасы - Державинск қаласы.
Ақтөбе облысында:
Ақтөбе - Атырау, Ресей шекарасы, Шұбарқұдық кентінен Атырау облысының аумағына дейін;
Самара - Шымкент, "ЭКО ОЙЛ" ЖҚБ мен Қызылорда облысының аумағы арасындағы учаске;
Қарабұтақ-Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай жүк және қоғамдық көлік түрлеріне арналған, Қарабұтақ кенті мен Қостанай облысының шекарасы арасындағы учаске.
Батыс Қазақстан облысында:
Орал - Тасқала - Ресей Федерациясының шекарасы, Тасқала ауылы арасындағы аудан мен Ресей Федерациясының шекарасына дейін;
Самара - Шымкент, Ресей Федерациясы мен Орал шекарасы арасындағы учаске;
Атырау - Орал, Атырау облысы мен Орал шекарасы аралығында;
Орал - Тасқала –- Ресей Федерациясы, Орал қаласының шекарасынан Тасқала ауылына дейінгі учаске;
Подстепное - Федоровка - Ресей Федерациясы, Подстепное ауылынан Ресей шекарасына дейінгі учаске.
Қарағанды облысында:
Жезқазған Петропавл, Ұлытау кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске.
Қостанай облысында:
Жезқазған Петропавл, Қарағанды облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске;
Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай, Ақтөбе облысының шекарасынан Жайылма ауылына дейінгі учаске.
Қызылорда облысында:
Самара - Шымкент, Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі учаске.