Синоптиктер: Алматыда алдағы апта күн +35 градусқа дейін ысиды

Синоптиктер: Алматыда алдағы апта күн +35 градусқа дейін ысиды
Ауа райын болжаушылар шілденің де шіліңгір ыстық болатынын айтып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы апта Алматыда ауа температурасы көтеріледі. Ал, келесі айда қала тұрғындары шілденің шіліңгір ыстығын сезінеді дейді синоптиктер.

Алдағы демалыс күндері Алматы қаласында және қала аумағында өткінші жауын-шашын күтіледі, найзағай жарқылдауы мүмкін. Желдің жылдамдығы 12 м/с дейін күшейеді.

«Келесі аптада қалада ауа райы тұрақты болады деп күтілуде. Түнде 20-25 градусқа дейін нөлден жоғары болса, күндіз 35 градусқа дейін ысиды. Ал, таулы аймақтарда ауа температурасы қалаға қарағанда 3-5 градусқа дейін төмен болуы мүмкін», - дейді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Гүлтаңсық МЕДЕУОВА.

Ауа райын болжаушылар шілденің алматылықтар үшін ерекше ыстық болатынын айтып отыр.

«Биыл Алматыда шілде аптап ыстықтығымен ерекшеленуі мүмкін. Түнгі уақытта термометр бағаны +25 градусқа дейін көтерілсе, күндіз 38 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал. Кей күндері өткінші жауын жауады», - деді Гүлтаңсық МЕДЕУОВА.

Новости партнеров