Жел, бұршақ: 5 маусымға арналған ауа райы болжамы

04.06.2019 21:35

yandex.kz

Атмосфералық ауа фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, жел тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел екпіні күндіз 25 м/с күшейеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының бірнеше өңірлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл тұрады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 екпіні 23 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді,

Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтілуде.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.