Қазақстанның көптеген облыстарында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

01.04.2020 20:44

2-4 сәуір күндері күшті екпінді жел тұрады

Ашық дереккөз

Синоптиктер алдағы 2-4 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы күндерде Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райын циклон анықтайтды. Демек, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай жарқылдап, күшті екпінді жел тұрады. Ауа температурасы да көктемгідей: күндіз оңтүстікте - 15...25°, солтүстік облыстарда - 5...15°С жылы болады.