Қазақстанның оңтүстігіндегі шаруалар дабыл қақты – ауа райының күрт бұзылуына байланысты алма, жүзім және өрік гүлдері үсіп кетуі мүмкін
Шымкент пен Түркістан облысының фермерлері өнімсіз қалудан қорқып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Түнде аймақта қар жауған, синоптиктер ауа температурасы -7 градусқа дейін күрт төмендейтінін айтты. Алайда бұған дейін бақшада ағаштар гүлдеп қойды.
Түркістан облысындағы фермерлік шаруашылықтардың бірінің құрылтайшысы Нұрлан Құралов бес жүз гектар жерге алма, жүзім, шабдалы, өрік және қара өрік өсіреді. Бұл Қазақстандағы ең ірі бау-бақша шаруашылықтарының бірі.
Оның айтуынша, қардың салдарынан бақшадағы жемістің 50%-і үсіп кетуі мүмкін.
"Жемістің 50%-ы үсіп кетуі мүмкін, қазір минералды тыңайтқыштар, химикаттар, өнімді үдеткіштер қымбаттап жатыр. Түркияда желдеткіштер, тоңазыту жолдары пайда болды, бізге де енгізу керек", - деді Құралов.
Kazchuvash Telegram каналының хабарлауынша, түні бойы 35 адам қараөрік пен шабдалы дақылын сақтап қалу үшін Шымкент маңындағы бақта от жақты. Олар ауа температурасын -2 градус шамасында ұстап тұруға тырысты. Шаруалардың айтуынша, шие мен алма ағаштары әлі гүлдемейді, оларға қауіп жоқ.
Жергілікті фермерлердің айтуынша, ауа райы осымен үш жыл қатарынан бұзылып тұр. Олар ауылшаруашылық сақтандыру жүйесін енгізуді ұсынады, сонда шығындардың кем дегенде бір бөлігін жабуға болады.