Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 97 шақырым қашықтықта болған
Алматыдан 97 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 15 тамыз күні Алматы уақытымен 12 сағат 52 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 97 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.1, магнитудасы – 4.5. Жерасты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған.
Қурты селосында 2 балдық жер сілкінісі сезілді.