30 шілдеде шығыс аймақта қатты жаңбыр жауады
Қазақстанның бірнеше аймағында 30 шілде мен 1 тамыз аралығында құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Бұл күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, 30 шілдеде шығыс аймақта қатты жаңбыр жауады.
Тек солтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, қатты жел, бұршақ жаууы мүмкін.