|
29.05.2019 | 16:49
3254

Жел, бұршақ, тұман: 30 мамырға арналған ауа райы болжамы

В Актюбинской, Карагандинской, Костанайской, Кызылординской, Туркестанской, Жамбылской, областях местами сохраняется чрезвычайная пожарная опасность

Жел, бұршақ, тұман: 30 мамырға арналған ауа райы болжамы фото из открытых источников


Еліміздің басым бөлігінде жоғары қысым әсерінен тұман түсіп, жел тұрып, бұршақ жауады. Ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Маңғыстау облысынның бірқатар аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей тұман түсіп, дауыл тұрады.

Жамбыл, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды Түркістан облыстарында күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир