Күн қатты ысиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

11.07.2019 14:26

Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады

yandex.uz

Республиканың басым бөлігіне қолайсыз ауа райына байланысты жел тұрып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Жамбыл, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік-Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Карағанда облыстарында күндіз қатты ыстық болады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.