Дауыл, бұршақ, жел: 28 мамырға арналған ауа райы болжамы

yandex.kz
yandex.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет 28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Көктемнің соңғы күндерінде Қазақстанның көптеген облыстарында температура жоғарылайды. Дегенмен бірқатар аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап жел тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Ал күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел тұрады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Түнде Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында - 2 градус үсік, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде - 3 градус үсік жүруі мүмкін.

Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.    



Новости партнеров