Республикалық маңызы бар жолды тазартуға 450 бірлік техника мен 738 жолшы жұмылдырылды
Ауа райына байланысты еліміздің 3 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жамбыл облысында – 1 учаске:
«Алматы - Ташкент - Термез» 159-238 км, Кенен а. - Қайнар а. – 79 км;
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (екпінді жел, қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).
Батыс Қазақстан облысында – 4 учаске:
«Самара - Шымкент» 195-251 км, РФ шек. – Орал қ. – 56 км;
«Орал - Тасқала - РФ шек.» 4-104 км, Орал қ. - РФ шек. – 100 км (бұрқасын, шектеулі көрініс)
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді:
«Чапаево - Жалпақтал - Казталовка» 0-213 км, Чапаево а. - Казталовка а. – 213 км:
«Подстепное - РФ шек.» 0-36 км, Подстепное а. - Федоровка а. – 36км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске:
«Булаево - Возвышенка - Мологвардейское - Кирово - Қиялы - Рощинское» 62-228 км, Возвышенка а. - Рощинское а. – 166 км;
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 450 бірлік техника және 738 жолшы жұмылдырылды.