Мамандар оңтүстік астанада ауытқудың сезілмегенін айтады
Бүгін таңертең Алматы уақытымен сағат 5:40-та Қазақстанның Қырғызстанмен шекаралас аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сейсмологтардың айтуынша, магнитудасы 4-ке жеткен тербелістің тереңдігі 5 шақырым. Негізгі ошақ - Алматыдан оңтүстік-батыс бағыттағы 439-шақырымда тіркелген. Мамандар оңтүстік астанада ауытқудың сезілмегенін айтады.
Қоса кетейік, өткен түнде Түркияның Хатай қаласында да 5 балдық дүмпу байқалды. Апат салдарынан бұрын зақымданған бірнеше ғимарат құлаған, адам өлімі тіркелген жоқ.