Қазгидромет синоптиктері 23-25 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Метеорологтардың мәлімдеуінше, солтүстік-батыс циклон Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын мен ауа температурасын жоғарылатады.
"Ауа температурасының төмендеуі еліміздің батысы мен солтүстігінде сезіледі. Мұнда түнде -20-28 градусқа дейін аяз болады. Республиканың оңтүстік облыстарына Өзбекстан аудандарынан келген циклон әсер етеді. Жауын-шашынды болғанымен күн жылы болады", – деді синоптиктер.