Жаңбыр, тұман, жел: 19 маусымға арналған ауа райы болжамы

19.06.2019 14:36

bnews.kz

Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында бұршақ жауып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Ақмола, Түркістан, Қостанай, Қарағанда облыстарының басым бөлігінде күндіз 15-20 м/с күшейеді.  

Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарында күннің қатты ысуына байланысты өрт болуы мүмкін.