Жел, жаңбыр: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Жел, жаңбыр: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
25-27 мамыр күндері жауын-шашын, найзағай мен қатты жел болады деп күтілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктері 25-27 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Мамыр айы мен көктемнің соңғы аптасында құбылмалы ауа райы сақталады. Жауын-шашын, найзағай мен қатты жел болады деп күтілуде.

«Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 28-33 градусқа дейін ысиды. Ал солтүстік және шығыс аймақтарда түнде небәрі +3 градус болады. Өйткені елдің солтүстігіне Ресей мен Оралдың солтүстік өңірлерінен ылғалды суық массалар келеді. Ал оңтүстік аймақтарға Орта Азиядан жылы циклон ығысады деп болжап отырмыз», - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласында сенбі күні сынап бағанасы +24 градусқа дейін көтеріледі. Алайда аздап жауын-шашын жауады. Ал сенбіден жексенбіге қараған түні +3 градус болады. 27 мамыр күні күн шығып, 21 градусқа дейін жылиды.

Алматыда 25-27 мамыр күндері ауа температурасы +20 градус пен +24 градус аралығында болады. Сенбі және дүйсенбі күндері аздаған жауын жауады.

Ал Шымкентте +21 градустан 28 градусқа дейін ыстық болады деп күтіледі. Түнде ауа температурасы +10... +13 градусты көрсетеді.

Новости партнеров