Еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр жауады
"Қазгидромет" синоптиктері 30 шілде-1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Батыс антициклонның әсеріне қарамастан солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.
Еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыс тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады.
Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта қатты ыстық болады.
1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41С°дейін өте қатты аптап болады деп болжанып отыр.