15-18 наурыз аралығында қар көшкіні болуы мүмкін
Алматының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД-нің өклідері.
«Күннің күрт жылуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде, яғни «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, «Медеу» мұз айдыны аумағында, Бутаковка шатқалының жоғарғы жағы мен Құмбел Су шатқалында (Алмарасан) 15-18 наурыз аралығында қар көшкіні болуы мүмкін», - делінген хабарламада.