«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша
Алматыда аптап ыстық басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазгидрометтің» мәліметіне сүйенсек, бүгіннен бастап 10 маусымға дейін қалада ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Болжам бойынша, айдың басында еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Ал маусымның ортасына қарай өткінші жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
«Алматы облысының территориясында алдағы күндерде ауа температурасы түнгі сағаттарда 20-25 градус, ал облыстың таулы аудандарында 10-15 градус болуы ықтимал. Ал күндізгі сағаттарда максималды ауа температурасы Алматы облысының басым аумағында 33-38 градус қатты ыстық, ал облыстың солтүстік, орталық аудандарында 41 градус өте қатты ыстық, облыстың таулы аймақтарында 23-28 градус жылы болуы мүмкін», – деді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және облысы бойынша метеорологиялық болжау бөлімінің жетекшісі Гүлтаңсық Медеуова.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 5-11 маусым аралығындағы ауа райы болжамы