Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр

24.06.2022 21:34

Су басудың алдын алу және жою мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды

tengrinews.kz

2022 жылғы 24 маусымда сағат 14:30-дан бастап Алматы қаласында нөсер жауын жауды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Су басудың алдын алу және жою мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Суды кедергісіз өткізілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, жалпы саны 682 адам, 245 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. 1950 қап құм дайындалды.


«Жаңбыр түстен кейін жауа бастады. Салдарынан қаланың кейбір көшелеріндегі жер асты өткелдері мен аулалар су астында қалды. Соның кесірінен көлік қозғалысы қиындай түскен. Қазір су астында қалған учаскелер тазартылып жатыр», – деді  Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас маманы Александр Сергеев.




«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша жаңбыр сағат кешкі 17-18-ге дейін аяқталады. Ертең 25 маусым күні жауын-шашын болмайды.