Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
30-31 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метр, 30 күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы екпіні секундына 23-28 метр сақталады.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады.
Таразда 30 қаңтарда күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей уақытта секундына 23 метр күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
30 қаңтарда Алматы облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, Алакөл көлдері аймағында 20-25, екпіні секундына 30 метр және одан жоғары күтіледі.
30 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.
Қостанай қаласында 30 қаңтарда бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.
30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 метрге жетеді.
30 қаңтарда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 17-22 метр, таңертең және күндіз екпіні секундына 27 метр күтіледі.
Шымкент қаласында 30 қаңтарда күндіз қатты жауын-шашын жауады, оңтүстік-батыстан секундына 17-22 метр желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан қаласында 30 қаңтарда оңтүстік-батыстан секундына 17-22 метр желдің күшеюі күтіледі.