Солтүстік-шығыс желі күшейіп, көктайғақ күтіледі
Синоптиктер 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттар оңтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Салдарынан Қазақстан территориясының кей жерлерінде бұрқасын болады. Солтүстік-шығыс желі күшейеді. Көктайғақ күтіледі. Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Соның әсерінен республиканың көптеген облыстарында күн суытады.
Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы - 13 -18, кей жерлерде -20 -25 градусқа дейін төмендейді. Бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С төмен. Республиканың батысында ғана осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз.