Ақтаудан 405 шақырымдай жерде су астындағы жер сілкінісі тіркелген
Каспий теңізінде магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 21 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 08:56-да Ақтаудан 405 шақырымдай жерде су астындағы жер сілкінісі тіркелген.
Дүмпулер 56 шақырым тереңдікте болды.