Адам шығынын болдырмау мақсатында Шымбұлаққа көтерілетін автожол көлік үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де жабық болады
«Қазселденқорғау» ММ ескертуі бойынша қар көшкіні жүру қаупіне байланысты Шымбұлаққа баратын автожол уақытша жабық болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың хабарлауынша, қар деңгейі әдеттегіден 30 см-ге жоғары. Бүгін сағ. 9:49-да Үлкен Алматы өзені бассейнінде 7 мәрте қар көшкіні тіркелген.
«Медеу мұз айдыны - Шымбұлақ тау шаңғы кешені» автожолы бойында 11 қауіпті қар көшкіні жиыны орналасқан. Ол жердегі барлық қар осы жолға түсетіндіктен, жол бойындағы көліктер мен жаяу жүргіншілер өміріне асқан қауіп төндіреді.
Адам шығынын болдырмау мақсатында Шымбұлаққа көтерілетін автожол көлік үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де жабық болады.
Жыл сайын көктем кезінде қар көшкіні қаупі жоғарылайды, себебі қыс кезінде қар жиналып, көктем кезінде тау басында тұрақтай алмайды.
Көбіне қар көшкіні күндізгі уақытта, жылымық күндері тәулік бойы жүреді. Жағдай ушықққанда қар көшкіні едәуір көлемде жүруі мүмкін.
«Қазселденқорғау» ММ-мен келісе отырып, жолдың ашылуы туралы БАҚ арқылы қосымша жарияланатын болады.