Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Ертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 36°С аптап ыстық күтіледі.
Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 25 м/с жетеді.
Сондай-ақ, күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз 42 градус аптап ыстық болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Жел екпіні түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз - 15-20 м/с, тіпті - 23 м/с дейін күшейеді.
Қостанай қаласында таңертең және күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Жел екпіні - 15-20 м/с жетеді.