Қазақстанның төрт облысында күн күрт суытады

11.09.2019 23:45

Нұр-Сұлтанда -1-3 градус үсік күтіледі

photosight.ru

Синоптиктер 2019 жылдың 12-14 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет".

«Алдағы тәулікте Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ығысатын антициклонның әсерінен Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды, ал республиканың солтүстігі мен орталығында түнде және күндіз 1-3 градус үсік күтіледі», - делінген хабарламада.   

Бірақ 13 қыркүйекте Батыс Сібірден кезекті арктикалық фронт Қазақстанның солтүстік аймақтарына, содан соң Орталық және Шығыс аймақтарына өз әсерін тигізеді. Мұнда да қайтадан жаңбыр басталып, нормадан төмен ауа температурасы сақталады. 

Қалған аймақтарда жауын-шашынсыз, ауа температурасы нөлден жоғары болады.