Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі
Қазгидромет 12-14 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Батыс циклонының екпінімен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде алдағы үш күнде жауын-шашын күтіледі. 14 мамыр батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр жауады. Кей өңірлерде қатты жаңбырдың арты бұршаққа ұласып, жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі", - делінген хабарламада.